Отбасылық шығармашылықты қолдап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Өнерлі отбасы» бейнероликтер байқауы өз мәресіне жетті!
Байқаудың басты мақсаты – ата-ана мен баланың бірлескен шығармашылығын дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту және өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Турханов Самир
І орын – Жидеков Арман
ІІ орын – Бектұрған Танзиля
ІІІ орын – Картай Имран
Барша жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, байқауға атсалысып, белсенді қатысқан барлық отбасыларға алғысымызды білдіреміз.
Балаларыңыздың өнері өрге жүзіп, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілейміз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!

