Балабақшадағы қауіпсіздік ережелері – балалардың денсаулығы мен өмірін қорғаудың басты шарты. Әрбір тәрбиеші, бала және ата-ана осы ережелерді сақтау міндетті.
- Жалпы талаптар
- Балабақша ауласында, ойын алаңдарында және ғимарат ішінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау.
- Балаларды тек жауапты тәрбиешілердің қарауында қалдыру.
- Балабақшаға қауіпті заттарды (өткір, ұсақ бөлшекті ойыншықтар, дәрі-дәрмектер) алып келуге тыйым салынады.
- Кіреберіс пен шығу тәртібі
- Балаларды балабақшаға ата-аналары немесе заңды өкілдері әкеледі және алады.
- Баланы белгіленген уақытта алып кету міндетті.
- Белгісіз адамдарға балаларға қол жеткізуге рұқсат жоқ.
Құрметті ата-аналар!
Балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығы баланың жан-жақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Осыған байланысты төмендегі талаптар мен ұсынымдарды сақтауларыңызды сұраймыз.
- Баланы балабақшаға қабылдау тәртібі
- Баланы балабақшаға таза, ұқыпты киіммен алып келу қажет.
- Таңертең баланың денсаулық жағдайына назар аударыңыз (қызуы, жөтелі, әлсіздігі).
- Ауру белгілері байқалса, баланы балабақшаға әкелмеуіңізді сұраймыз.
- Күн тәртібі
- Балабақшаның күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;
- Баланы уақытында әкеліп, белгіленген уақытта алып кету;
- Баланың толыққанды демалуына жағдай жасау.

