«Бәйшешек» ортаңғы тобы
“Түймедақ” кіші тобы
Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылықтарын арттыру. Көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын сезіндіру арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Ұжымшылдыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысында балалар Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейтіп, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысты. Ән айтып, би билеп, ойындарға белсене қатысу арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мереке балаларға қуаныш пен шаттық әкеліп, бірлік пен достықтың маңызын ұғындыруға ықпал етті.
Тәрбиешілері: Ахметова Айнұр, Садуақасова Жанар.

