ЖАҢАЛЫҚТАР

"Наурыз" мерекесіне арналған ертеңгілік

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімімен аталатын ауылымызда өткен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік — ұлттық рух пен салт-дәстүрдің жарасымды көрінісіне айналды.

Шуақты мерекеде бүлдіршіндеріміз ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар арқылы өз өнерлерін паш етті. Қол күресі, арқан тартыс, күш сынасу сынды ойындарда балалардың ептілігі мен батылдығы айқын көрінді.

Бұл ерекше кештің сәнін ата-аналарымыз, ақ жаулықты әжелеріміз және әпкелеріміз келтіріп, балаларға ұмытылмас мереке сыйлады. Әкелеріміз қазақы салт-дәстүрді дәріптеп, атқа отырғызу рәсімін көрсетіп, ізгі ақ батасын берді. Ал, әжеміз Қажымұқан Мұңайтпасұлы атамыздың ерлігі мен батырлығын ертегі етіп жеткізіп, балалардың қиялына қанат бітірді.

Аналарымыздың әуелете салған әні, әпкелеріміздің Домбыра мен Қобызда орындаған күйлері кешке ерекше сән беріп, барша көрерменді рухани әсерге бөледі.

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген бұл мереке – ұрпақ санасына тәлім мен тәрбие дарытқан, жүректерге жылулық сыйлаған тағылымды кеш болды.

                 

 

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz