ЖАҢАЛЫҚТАР

"Наурыз" мерекесі құтты болсын!

Балабақшамызда әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен, кең ауқымда аталып өтті.

Күннің алғашқы шуағымен бірге есігімізден ұлттық рух есіп, ата-аналарымыз жылы лебізбен қарсы алынды. Бұрымды қыздарымыз домбыраның күмбірін төгіп, көрген жанды тәнті етсе, ақ дастархан басында ұлттық дәм — бауырсақ пен хош иісті наурыз көже ұсынылып, әрбір келген жанға шынайы ықылас пен ізгі ниет көрсетілді.

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, ұрпақ санасына сіңірілуде.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа береке мен бірлік тілейміз.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz