ЖАҢАЛЫҚТАР

"Наурыз" мерекесі құтты болсын!

Күннің екінші жартысында балабақшамыз нағыз думанға айналды.

Әр топ өздерінің мерекелік ертеңгіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, салт-дәстүріміздің тағылымын көрерменге паш етті. Ұлттық ойындар ойнатылып, ақ баталар беріліп, шашу шашылып, мерекенің сәні мен мәні одан әрі арта түсті.

Балабақша ұжымы әр топты аралап, жарапазан әндерін шырқап, жүрекжарды тілектерін арнап, әр бүлдіршінді ерекше ықыласпен құттықтады. Бұл сәттер балалардың да, ата-аналардың да көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Сонымен қатар, балабақша ішіндегі іс-шараларда ата-аналарымыз да белсенділік танытып, ұлттық ойындарға қатысып, өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар марапатталып, мерекелік шаттық еселене түсті.

Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, ұрпақ санасына сіңіріле береді. Наурыз құтты болсын!

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz