2026 жылғы 31 наурыз күні балабақшамызда №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңестің тақырыбы «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдарда адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында тәрбие жұмысының тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылып, педагогтардың кәсіби тәжірибелерімен алмасуы ұйымдастырылды.
Күн тәртібіне сәйкес баяндамалар тыңдалып, шебер сағаттар өткізілді, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша талқылаулар жүргізілді. Кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

