«Таза Қазақстан» жобасы аясында қалалық сенбілік өткізілді. Аталған шараға балабақша қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Сенбілік барысында балабақша аумағында және ғимарат ішінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді: терезелер жуылып, кілемдер тазартылды, ылғалды тазалық жасалды. Сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен беседкалар ретке келтіріліп, құм алаңдары қопсытылды.

