«Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы аясында «Ұлттық ойындар – отбасы мақтанышы» атты спорттық -экологиялық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға ересек Нәркес, Қырмызы, Қызғалдақ топтарының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге белсене қатысты. Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар өздеріне бөлінген ойын алаңдарын тазалап, табиғатты аялау мәдениетін көрсетті.
Сонымен қатар, бірлескен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар асық ату, арқан тарту сынды ойындарды ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Мұндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, отбасы арасындағы байланысты арттыруға үлкен үлес қосады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.

