ЖАҢАЛЫҚТАР

«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында

«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында балабақшамыздың мектепалды «Еңілік», «Бөртегүл» және «Лалалагүл» топтары экскурсияға барды.

Тәрбиеленушілер №33 жайлы орта білім беретін мектепке барып, мектеп тынысымен танысты. Алғаш рет партаға отырып, өздерін нағыз оқушы ретінде сезінді. Балалар бастауыш сынып мұғалімдерінің қызықты тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары дайындаған сахналық қойылымдарды тамашалап, ерекше әсер алды. Атап айтқанда, «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Үйшік» ертегілері балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Экскурсия соңында мектептің еңбек пәні мұғалімі мен оқушылары дайындаған ерекше сыйлықтарға ие болды. Бұл күн балалар үшін әсерге толы, есте қаларлық сәттерге айналды! 

        

 

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz