ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында

«Таза Қазақстан» акциясы аясында балабақшамызда «Әке – үлгі, әке – өнеге» тақырыбында сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға әкелер мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, бірлесе отырып балабақша ауласын көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Әкелер балаларымен бірге ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар ұлттық ойындар ойнап, ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті. Белсенділік танытқан әкелер мен тәрбиеленушілер арнайы сертификаттармен марапатталды.

Бұл игі шара әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттырып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуге бағытталды. Осындай бастамалар арқылы отбасылық құндылықтар нығайып, табиғатқа деген қамқорлық сезімі қалыптасады.

Іс-шара соңында қатысушыларға ыстық бауырсақтар мен палау ұсынылып, жылы атмосферада қорытындыланды.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz