«Менің әкем – батыр» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Шара барысында балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ҚР Әнұранын орындады, патриоттық әндер айтып, әсем билерін тарту етті. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойнатылып, әкелер мен балалар белсенді қатысып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әке мен бала арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайту болды.

