Мектепалды “Бөртегүл” тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі ерекше әсерге толы өтті.
Балалардың бал-бұл жанған жүздері, сыңғырлаған күлкілері мен осы балабақша қабырғасындағы әрбір бақытты сәт жүрегімізде мәңгі сақталады.
Кеше ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз бүгінде үлкен өмірге қадам басқалы тұр.
Балабақшада өткен әр күн, әр ойын, әр мереке — ұмытылмас естелік болып қала бермек.
Сүйікті бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, биік белестер, таусылмас бақыт пен сәттілік тілейміз!
Қадамдарың нық, армандарың асқақ болсын!

