"Лалагүл" мектепалды тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Бүгін біздің кішкентай жұлдыздарымыз балабақшамен қоштасып, мектепке алғашқы қадамдарын жасауға дайын екендерін көрсетті. Әр бала — балабақшамыздың жарқын жұлдызы, ал олардың күлкісі мен шаттыққа толы сәттері жүрегімізде мәңгі сақталады.
Балалардың балдәурен балалық шағы өткен аяулы мекенмен қоштасу сәті ерекше әсерге толы болды. Ән айтылып, би биленіп, жылы лебіздер айтылған бұл мереке естен кетпес естелікке айналды.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Армандарың асқақ, болашақтарың жарқын болсын!

