Балабақшамызда «Ханшайымдар шеруі» өтті. Әр қыз ата-анасымен бірге дайындаған ерекше көйлектерін киіп, сән көрсетіп өтті. Шара барысында бүлдіршіндер өз образдарын таныстырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қолдан жасалған әдемі көйлектер ата-аналардың шығармашылығы мен еңбегін көрсетті.

