«Құқығымды тап» дидактикалық ойыны арқылы тәрбиеленушілер құқықтық және адамгершілік негіздерімен танысты.
Ойын барысында тәрбиеші түрлі жағдаяттар бейнеленген суреттерді көрсетті. Балалар суретке мұқият қарап, оның қандай құқыққа қатысты екенін анықтады. Мысалы, емделіп жатқан баланы көріп – денсаулық сақтау құқығын, ал мектептегі баланы көріп – білім алу құқығын атады.
Осындай қызықты ойындар арқылы бүлдіршіндер өз құқықтарын танып, оларды құрметтеуді, айналасындағы адамдардың құқықтарына сыйластықпен қарауды үйренеді.

