Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл күйге толы «Балмұздақтар күні» аталып өтті.
Тәрбиеленушілеріміз Зверополис ертегісінің кейіпкерлерімен бірге көңілді би билеп, жаздың шуақты күнінен ерекше әсер алды. Күннің ыстығында балмұздақтан дәм татып, шаттыққа бөленген бүлдіршіндердің жүзінен қуаныш пен күлкі көрінді.
Бұл мерекелік күн балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаз мезгілінің жарқын естеліктерінің біріне айналды.

