Мен кішкентаймын. Әлі қауіптің бәрін түсіне бермеймін. Кейде терезеге жақындап, сыртқа қызыға қараймын. Бірақ ашық терезе мен үшін үлкен қауіп екенін ұмытпаңыз.
Мені қорғаудың бір жолы – терезені жабу. Терезеге арнайы қорғаныс құралын орнатып, мені ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Сіздің бір сәттік ұқыптылығыңыз менің өмірімді сақтап қалуы мүмкін.
Менің қауіпсіздігім – сіздердің қолдарыңызда! Әке, ана, терезені жапшы!

