ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық кітап сыйлау күні

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай және «Жасампаздық пен жаңашылдық» айы аясында ұйымдастырылған «Бала тілі бал» челленджіне №92 “Жауқазын” балабақшасының «Нәркес» ересек тобының 4 жастағы тәрбиеленушісі Орман Алихан қатысты.

Ол «Шалқан» ертегісін мазмұндап, ойын еркін жеткізіп, кейіпкерлердің рөлін мәнерлеп көрсете білді. Сөйлеу мәнері анық, мазмұны жүйелі, шығарманы түсініп жеткізе отырып, өзінің кітапқа деген сүйіспеншілігінің жоғары екендігін көрсетті.

Жауапты маман: педагог-психолог Кожамсеитова Алия Рахимгалиевна.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz