ЖАҢАЛЫҚТАР

«200 мектеп & балабақша – 4000 әке» атты экологиялық челлендж

Балабақшамызда өткен «200 мектеп & балабақша – 4000 әке» атты экологиялық челленджге белсене қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – әкелерді бала тәрбиесіне белсенді тарту, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және ұжымдық еңбек арқылы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту. Сіздер балабақша ауласы мен ойын алаңдарын тазарту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып қана қоймай, балаларымызға өнегелі үлгі көрсеттіңіздер.

Қоғамдық іске атсалысып, уақыт бөліп келгендеріңіз – біз үшін үлкен құрмет. Қолдауларыңызға рақмет! Бірге біз үлкен істерді атқара аламыз!

Ізгі ниетпен: №92 «Жауқазын» балабақшасының әкімшілігі.

     

                 

 

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz