Мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамуда. Бүгінде қалада 67 780 тәрбиеленушіні қамтитын 716 балабақша жұмыс істейді.
Оның ішінде:
▪ 101 мемлекеттік
▪ 612 жекеменшік
▪ 3 ведомстволық балабақша
Қамту көрсеткіштері жоғары деңгейде:
3–6 жас аралығындағы кезекте тұрған барлық балалар 100% орынмен қамтамасыз етілген.
2–6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі – 97,3%.
2025 жылдың қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаның басты қағидасы – қаржыландыруды балаға бағыттау.
Бүгінгі таңда:
25 мыңнан астам ваучер берілді
Ата-аналарға 200 мыңнан астам хабарлама жолданды
Нәтижесінде балабақша кезегі үштен бірге қысқарды
Пилоттық жобаның экономикалық тиімділігі – 3,5 млрд теңге.
Орын тапшылығын азайту мақсатында:
▪ Өткен жылы 620 орындық 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді.
▪ 2026 жылы тағы 2 099 орынға арналған 7 балабақша ашу жоспарлануда:
— 3 мемлекеттік (750 орын)
— 4 жекеменшік (1349 орын).
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту – балалардың сапалы білім алып, жайлы ортада тәрбиеленуінің маңызды кепілі.

