ЖАҢАЛЫҚТАР

“Көрісу күні құтты болсын!”

14 наурыз – Көрісу күніне орай №92 «Жауқазын» балабақшасында ерекше жылы атмосфера орнады. Бұл күні балабақшамыздың ұжымы ата-аналарды ізгі ниет пен ақ тілектерін арнап, әсем әуенмен қарсы алды.

Көрісу күні – адамдардың бір-біріне амандық тілеп, мейірім мен сыйластықты дәріптейтін ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Осындай игі дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл сәт ата-аналар мен балабақша ұжымы арасындағы сыйластық пен бірлікті арттыра түсті.

Баршаңызға амандық, береке және шуақты көктем тілейміз!

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz