«Театр бізде қонақта» күніне орай
- Қаралды: 45
Балабақшамыздың тәрбиешілері «Театр бізде қонақта» күніне орай тәрбиеленушілерімізге ерекше әсер сыйлап, көлеңке театрын ұйымдастырды. Балалар «Алтын балық» ертегісін көлеңке театры арқылы қызығушылықпен тамашалады. Кейіпкерлер әлеміне еніп, ертегі желісін ерекше әсермен қабылдады. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын эмоцияларға толы болды.

Балалар көтеріңкі көңіл күймен қатысып, бір-бірімен көңілді ойындар ойнап, шат-шадыман уақыт өткізді. Су ойындары балаларға ерекше әсер сыйлап, күн өте қызықты әрі есте қаларлықтай болды.
Балабақшамызда көңілді «Түстер пикнигі» өтті. Балалар әртүрлі түстерге сай киініп, әсем әуен ырғағымен көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Ойын ойнап, би билеп, ерекше әсерге бөленді. Бұл жарқын күн балалардың жадында көңілді де ұмытылмас сәт ретінде сақталары сөзсіз.