Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамы қарсаңында жалпыұлттық наурызнама онкүндігі аясында ересек және мектепалды топтарды қамтитын “Ұлттық киім - ұлт мақтанышы” атты Әже-Ана-Бала арасында мерекелік сайыс өтті.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды жаңғырту, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам және көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.

14 наурыз – Көрісу күніне орай №92 «Жауқазын» балабақшасында ерекше жылы атмосфера орнады. Бұл күні балабақшамыздың ұжымы ата-аналарды ізгі ниет пен ақ тілектерін арнап, әсем әуенмен қарсы алды.
“Меруертгүл”- ортаңғы тобы
Мектепалды топтар арасында мақсаты:Балаларды қазақ халқының ұлттық дәстүрі – Көрісу күнімен таныстыру, үлкенді құрметтеуге, бір-біріне ізет білдіруге, амандасу мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. Балалардың ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, достыққа, сыйластыққа баулу.