ЖАҢАЛЫҚТАР

Балабақшамызда әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен, кең ауқымда аталып өтті.

Күннің алғашқы шуағымен бірге есігімізден ұлттық рух есіп, ата-аналарымыз жылы лебізбен қарсы алынды. Бұрымды қыздарымыз домбыраның күмбірін төгіп, көрген жанды тәнті етсе, ақ дастархан басында ұлттық дәм — бауырсақ пен хош иісті наурыз көже ұсынылып, әрбір келген жанға шынайы ықылас пен ізгі ниет көрсетілді.

”Қырмызы" ересек тобы

"Нарғызгул" кіші тобы

“Баршын” ортаңғы тобы

Тақырыбы: ”Достық ауылына қош келдің Наурыз”

Мақсаты: Балаларды Наурыз мейрамы туралы алғашқы түсінікпен таныстыру Қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылықтарын арттыру.

Мектепалды тобы “Бөртегүл”  

«Меруертгүл» ортаңғы тобы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, оның жыл басы екенін ұғындыру. Көктем мезгіліндегі табиғаттың жаңаруын, күн мен түннің теңелуін түсіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын наурыз көже, көрісу, бата беру, ерулік, көне ауыл Сайрам ауылымен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімімен аталатын ауылымызда өткен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік — ұлттық рух пен салт-дәстүрдің жарасымды көрінісіне айналды.

Шуақты мерекеде бүлдіршіндеріміз ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар арқылы өз өнерлерін паш етті. Қол күресі, арқан тартыс, күш сынасу сынды ойындарда балалардың ептілігі мен батылдығы айқын көрінді.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz